Қоғам • 28 Наурыз, 2023

Қазақстан Гиннестің рекордтар кітабына қанша рет енді?

806 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері көптеген рекорд орнатып, Гиннестің кітабына бірнеше рет енген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Гиннестің рекордтар кітабына қанша рет енді?

Гиннестің рекордтар кіта­бы 1955 жылы жарық көрген. Кітапқа Ирландиялық сыра қай­на­тушы «Гин­несс» компаниясының басшысы Хью Бивердің тапсырыс берген. Сол кезден бастап оған түрлі рекордтар тіркеліп отырады.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері Гиннес кітабына енгізілген 106 рекорд орнатты. Гиннестің рекордтар кітабында тіркелген соңғы рекорд - «Шымбұлақ» курорты болды. Ол «Әлемдегі ең биік түнгі шаңғы трассасы» номинациясы бойынша Гиннестің әлемдік рекорд кітабына кірді.

Қазақстан алғаш рет рекордтар кітабына «теңізге шығар жолы жоқ құрлықтағы ең үлкен мемлекет» ретінде кірген болатын.

Сондай-ақ Қазақстанда жаппай спорттық іс-шара бойынша рекорд орнатылды. Оған бүкіл ел бойынша 4,8 миллион адам қатысқан.