Қаржы • 28 Наурыз, 2023

Доллар 455 теңгеге дейін төмендеді

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы құлдырады, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

Доллар 455 теңгеге дейін төмендеді

Күндізгі сауданың нәтижелеріне қарағанда, доллардың орташа сараланған бағамы 3,63 теңгеге төмендеп, 455,00 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 28 наурыздағы бір долларға арналған ресми бағамы 458,87 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 452,30 теңгеден сатып алынып, 455,40 теңгеден сатылып жатыр. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 452,92 теңге, сату – 457,09 теңге.