АҚШ-та Қазақстанның мәдениет күндері басталды
Өнермен биікке ұмтылып, осы ғажайып құбылыс арқылы халықтармен жақындасып, елдермен табысып, өсіп-өркендеу өрісі алысқа танылуы бүгінгі өміріміздің көрікті көрінісі десек, осыны жарқыратқан жаңалықтардың күн құрғатпай әлем әр қиырынан жетіп жатуы қалыпты жайға айналып тұруы да шындық. Соның ең бастысы, Елбасының бастамасымен ел-елде Қазақстанның мәдениет күндері өткізілуі дер едік. Мұның алдында Индонезия астанасы Джакарта өнерсүйер қауыммен қауышқан шара енді АҚШ-тың бас шаһарлары Нью-Иорк пен Вашингтонда жалғасты. Нью-Иоркте атақты «Карнеги-холл» концерт залында жиналғандар алдында Қазақстанның Мәдениет вице-министрi Асқар Бөрiбаев сөз сөйлеуiнен соң арнаулы бағдарлама сәні мен салтанатын асыруға Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптар оркестрі мен Мемлекеттік хор капелласы, Қазақстанның өнер жұлдыздары Нұржамал Үсенбаева, Майра Мұхамедқызы, Айгүл Қосанова, Жанат Бақтай сынды саңлақтар қатысты. Айқын НЕСІПБАЙ, «Егемен Қазақстан» – Нью-Йорктен /АҚШ/.Германия Кюрасао құрамасын 7-1 есебімен ойсырата ұтты
Спорт • Бүгін, 00:05
Президент асыл тұқымды арғымақтарын көруге арнайы барды
Президент • Кеше
Қазақстанның волейболшылары жартылай финалға шықты
Спорт • Кеше
Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті
Елорда • Кеше
АҚШ-та 24 жастағы Қазақстан азаматы жоғалып кетті
Қоғам • Кеше
Жетісу облысында күйеуін өлтірген көпбалалы ана қамауға алынды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда заңсыз қайық айлағын салған кәсіпкер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
«Әділет» партиясы «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
Саясат • Кеше