02 Маусым, 2010

БАЙЛАНЫСТАР МАҢЫЗЫ АТАЛДЫ

532 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Парла­менті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қы­тай Халық Респуб­ли­касы Жоғарғы Халық Со­ты­ның төрағасы В.Шэн­цзюньді қабылдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қ.То­қаев Қазақстан мен Қытай арасындағы көп­та­рапты, оның ішінде парла­мент­аралық үнқатысу дең­гейін­­де­гі байланыстарды одан әрі ны­ғай­туда осы сапардың маңыздылы­ғын атап өтті. “Біз парламент­ара­лық байланыстарды да­мытуды, делегациялар алма­суды жақтай­мыз, біздің ел­дер арасындағы өзара пар­ла­ментаралық іс-қимыл бел­сенді түрде жалғасуы тиіс”, – деді Сенат Төрағасы. Қазақстан Республикасы мен ҚХР-дың Жоғарғы соттарының өкілдері ШЫҰ аясында өзара бел­сенді түрде іс-қимылды жүзеге асырып келе жатқанын айта ке­ліп, Қ.Тоқаев екі мем­лекеттегі өз­ара түсіністік пен құқықтық ірге­тас­тың құры­лысын одан әрі ны­ғайтудағы заңнама тұрғысында ын­тымақтастықтың маңызын атап өтті. В.Шэнцзюньнің айтуын­ша, соттар қауымдастық­та­ры арасын­дағы байланыстар мен ынты­мақ­тас­тықты бел­сенділендіру Қазақ­стан мен Қытай арасындағы екі­жақты қатынастардың маңызды бағыттары болып табылады. Қа­зақстандық әріптестермен жан-жақ­ты келіссөздер қо­рытын­ды­ла­ры туралы айта келіп, В.Шэн­цзю­нь: “Қытай соты әділет саласы бойынша Қазақстаннан тәжірибе алып, өзара мүдделерге сай мә­се­ле­лер бойынша барлық келісім­дерді қолданысқа енгізетін бо­лады”, – деді.