Қазақстан • 29 Наурыз, 2023

Алғаш рет оппозицияда болған партия Парламентке өтті - Президент

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алғаш рет оппозицияда болған партия Парламентке өтті - Президент

«Сайлау науқаны кезінде көптеген орынды сын, байыпты ұсыныс айтылды. Біз айтылған салмақты ұсыныстарды міндетті түрде зерделейміз. Бәсеке жоғары болғандықтан, сайлау нәтижесін алдын-ала болжау мүмкін емес болды. Оның қорытындысы еліміздің нағыз көппартиялы мемлекетке айналу жолында маңызды қадам жасағанын көрсетті», деді Президент.

Осы ретте Мемлекет басшысы Мәжіліске көзқарасы әртүрлі саяси ұстанымдағы күштер келгенін айтып өтті.

«Алғаш рет ұзақ жыл бойы оппозицияда болған партия Парламентке өтті. Біз осының бәріне ауқымды саяси реформаның арқасында қол жеткіздік. Партияларды тіркеу мәселесін реттейтін заңнаманың өзгеруі де бұған септігін тигізді», деді Қ.Тоқаев.