Өнер • 29 Наурыз, 2023

Сарқандағы шеберлер орталығы

215 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлттық өнердің шырақшысы да, шамшырағы да – ауылдағы ағайын. Неге десеңіз, технологияға негіз­делген қоғамда рухани құндылықтар жағаға шық­қан балықтай шеткері қалады. Ол – заңды құбы­лыс. Десе де Жетісуда төл өнерімізге тамы­зық болар шеберлік орталықтар ашылып жатыр. Соның бірі Сарқан ауданында бой көтерді.

Сарқандағы шеберлер орталығы

Ұлт­тық өнерді жаң­ғырту мен өркендету мақ­сатында «Ал­­тын адам» Же­тісу ше­­берлері ор­талығы көп жұ­мыс атқарды. Бұған дейін Текелі қаласы мен Пан­фи­лов, Кербұлақ, Ақ­су аудандарынан филиалын ашқан орталық, былтыр Текелі қаласынан мүм­кін­дігі шектеулі жандардың қол­­өнерін дамытатын «Ма­­­мания» мектебінің ше­бер­лік орталығын құрған еді. Енді, міне, кезек Сарқан қаласына да келіп жетті.

– Қашанда жаңа идеялар мен бастамаларға аудан әкімдігі тарапынан қолдау танытып ке­леміз. Әсіресе қоғамның әлсіз тобы есеп­телетін көпбалалы аналар, мүмкіндігі шектеулі жандарды жігер­лендіретін бастамалар бол­са, қуана құптаймыз. «Алтын адам» Жетісу шеберлері орталығы «аудан орталығынан мүм­кіндігі шек­теулі жандарға ұлттық өнерді үйретіп, олар­­дың жасаған, тіккен бұйым­дарын жұртқа көр­сетіп, елге қыз­мет, қамкөңіл жандарға демеу берсек» деген өтініш түскен соң, аудан әкімімен бірге мұ­қият қа­рап, бұл ұсы­нысқа көмектесуді жөн көрдік. Сонымен аудандық Мә­­дениет үйінен кең де жа­рық әрі жұмыс істеуге қо­лайлы орын дайын­дап бердік. Енді осы жерде аудан­­дағы қолөнерге қы­зығатын жастар шебер­лер­ден тәлім алып, өзде­рінің өнерін шыңдап, жұрт­қа қызмет ете­тін болады, – деді Сарқан ауданы әкі­мінің орынбасары Алмас Ажар­ханұлы.

Ұсыныстарының осы­лай тез шешіл­геніне риза­шылығын біл­дір­ген «Алтын адам» Жетісу ше­­бер­­лері ор­талығының төрайымы Ди­на­ра Бәкірова аудан басшыларына ал­ғысын білдіріп, орталық құрыл­ғаннан бер­гі 2 жылда атқарған жұ­мы­сына есеп беріп, алдағы жоспарларымен таныстырды.

Осы ретте «Алтын адам» Же­тісу шеберлер ор­та­­­лы­ғының Сар­қан аудан­дық филиалының төр­­айымы Кенжетай Таза­бе­кова жергілікті қол­өнер­шілердің қазіргі күннің бә­­се­­келестігіне төтеп, рес­пуб­­­ли­калық, облыстық бай­қаулар да топ жарып жүр­генін тілге тиек етті. Сол қа­тарда көпбалалы ана, жас қол­өнерші Нази­гүл Ба­тыр­ханқызының ше­бер­лігін ай­рықша атап кетті.

 

Жетісу облысы