Футбол • 29 Наурыз, 2023

Қымбат ойыншылардың шартты құрамасы

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболшылардың есеп-қисабын жүргізетін әйгілі transfermarkt интернет басылымы жуырда әлемнің ең қымбат футболшыларынан жасақталған дүние жүзінің шартты құрамасының тізімін жариялады.

Қымбат ойыншылардың шартты құрамасы

Ең қымбат футболшылар тізімінде Франция ұлттық құрамасы мен ПСЖ клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе 180 млн еуромен көш бастап тұр. Ал шартты құрамның жалпы құны 1,17 млрд еуроға бағаланған.

Қақпашылар арасында әлемнің ең қымбат футболшысы деп Бельгия құрамасы мен Мадридтің «Реал» клубының ойыншысы Тибо Куртуа танылды. Қазіргі таңда оның трансфердегі нарқы 60 млн еуроға бағаланып отыр. Қорғаушылар үштігінде хорватиялық Йошко Гвардиол («РБ Лейпциг») мен Рубен Диаш («Манчестер Сити») 75 млн еуромен үздіктер қатарына жайғасқан. Сондай-ақ 70 млн еуроға бағаланған Нилерланд өкілі Маттейс де Лигт те («Бавария») қымбат қорғаушылар тізімінен орын алған.

Жартылай қорғаушылардың ішінде 23 жастағы бразилиялық Винисиус Жуниордың («Реал» Мадрид) құны шарықтап тұр – 120 млн еуро. Одан кейінгі орындарға Англия құрамасының ойыншылары – Джуд Беллингем («Боруссия») мен Филип Фоден («Ман­честер Сити», 110 млн еуро), испа­ниялық Педри («Барселона») және гер­маниялық Джамал Мусиала («Бавария», 100 млн еуро) жайғасқан.

Франциялық Килиан Мбаппеден 10 млн еуроға арзан бағаланған норвегиялық шабуылшы Эрлинг Холанд («Манчестер Сити») 170 млн еуромен әлемнің шартты құрамасының қатарынан табылды.