Шаруашылық • 29 Наурыз, 2023

Шаруаның шешілмеген мәселесі

210 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Оңтүстік өңірлер көктемгі егіс жұмыстарына кірісіп кетсе, қалған аймақтарда науқан жуық арада басталады. Алайда фермердің төрт құбыласы түгел деп айту қиындау. Әр жыл сайын шаруаның көбі шаужайына жармасатын жанармайдың қымбаттығы, техниканың тозуы, сондай-ақ өнім өткізу проблемасымен бетпе-бет келеді.

Шаруаның шешілмеген мәселесі

Фермерлер үнемі жеңілдікпен бө­лінген дизель отынының қым­бат­тығына шағымданады. Ұлт­тық агроқозғалыс төрағасы Алмасбек Садырбайдың айтуын­ша, шаруа үшін жанармай құны өте маңызды, өйткені астықтың өзін­дік құнында отын 25-тен 30%-ды алады. Қазірдің өзінде шаруалар дизель отынын нарық­тық бағамен алып жатыр деуге болады.

Мәселен, Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы «Земляне» ШҚ басшысы Николай Шульга ар­зан­датылған отынның құны жо­ғары екендігін айтады. «200 гек­тарға бидай, астық, арпа, сұлы егеміз. Ал 1 гектарға кез кел­ген тех­никаға орта есеппен 10 литр ди­зель отыны қажет. Жанар­май­дың құны жоғары. Егер жанармай құю бекеттерінде дизель отыны 230 теңгеден сатылса, арзандатылған отын бізге литріне 217 теңгемен беріледі. Яғни ай­тар­лықтай айырмашылық жоқ және шаруаға бұдан келетін кө­мек аз», дейді ол.

Ұлттық агроқозғалыс өкілде­рі­нің пікірінше, көктемгі дала жұ­мыс­тары кезінде дизель отынына акциздің төмендетілуі мәсе­лені шешуі мүмкін. Мысалы, өткен жылдан бастап акциздер тон­насына 9300 теңгеден 35726 теңгеге дейін қымбаттаған. Сон­дық­тан дизель отынының ба­ға­сы мемлекет тарапынан рет­телуі керек.

Сол секілді шаруаларды тол­ған­­дырып отырған тағы бір жайт ‒ алған өнімдерін өткізетін нарықтың болмауы. Соның салдарынан диқандар баптап күткен бидайын қайда сатарын білмей дал. Ақмола облысының Шортанды ауылындағы «Аян» ЖШС басшысы Бауыржан Мұхамедьяев жыл сайын бидайдан жақсы өнім алатынын, бірақ өнімді өткізу әр кез қиындық туды­ратынын айтады. Оған қоса Ре­сей­­ден келетін сұр экспорт та шар­уалардың қадамына тұсау болып отыр. «Былтыр біз Ресей бидайынан қатты қысым көрдік. 2-3 жылдан кейін ғана мемлекет көлікпен әкелінетін сұр импортты жабу жағын ойластыра бастады. Бірақ әлі де мәселені шешудің толыққанды тетігі жоқ. Бұл да – біз үшін үлкен проблема», дейді серіктестік басшысы.

Сондай-ақ фермерлерге ұзақ­мер­зімді қаржыландыру жетіс­пей­ді. Мәселен, Аграрлық несие корпорациясы мен Азық-түлік корпорациясынан түсетін қаржыны олар қаңтар-наурыз айларында алып, қазан айында қайтаруы керек. Ауыртпалық тү­сі­ріп отырған тағы бір мәселе – ке­піл­дің болмауы. АНК кепіл­дік­­ке қоятын шаруаның үйін не­бәрі 200 теңгеге бағалайды. Ал олардың кепілге ұсынатын жарытымды мүлкі жоқ.

Ұлт­тық агроқозғалыс жетек­шісі шағын фермерлерге жыл сайын мемлекет тарапынан көк­тем­гі егіс жұмыстарына бөлі­нетін қаражат мөлшері аз деп есеп­тейді. «Биыл көктемгі дала жұ­мыстарына 140 млрд теңге бөлінді. Қаражаттың негізгі көлемі ірі агрохолдингтерге ке­піл­мен қамтамасыз етілуіне бай­ланысты кетеді. Сондықтан ша­ғын фермерлер үшін несие алу кезінде талаптарды қайта қарау және жеңілдету қажет. Мысалы, өндірістің бесжылдық тарихын ескере отырып, шағын фермерлерге кепілдікпен несие беруді ұсынамыз», дейді агросарапшы.

Проблемалар қатарында фер­мер­лер ауылшаруашылық тех­ни­касының тозуын және тым қымбаттығын айтады. Сал­да­рынан шаруалар ескірген жаб­дықтармен жұмыс істеп, ауыл­шаруашылық техникасын жөн­деу­ге қосымша қаражат жұм­сауға мәжбүр. Оған қоса агротехникаға кәдеге жарату алымы тағы бар. Қозғалыс басшысының ай­туынша, мұның бәрі өнімділікке, аграр­лық саланың дамуына теріс әсер етеді.