02 Шілде, 2014

Асқақта, Астана!

427 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін
asem kala 4 Басты парыз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елорданың денсаулық сақтау саласын заманауи озық технология­лармен қаруланған, жоғары өркениет талаптарына сай сапалы қызмет көрсететін деңгейге көтеру мақсатында реформаторлық міндеттерді жүзеге асырды. Бүгінде Астана қаласының медицинасы қала тұр­ғындарының ғана емес, бүкіл қазақстандықтардың денсаулығын сақтау мақ­сатында кешенді қыз­мет көрсетеді. Біз астана­лықтардың сұранысы мен қазақ­стандықтар мүддесі жолында тың бастамаларға ұйытқы болып отырған елордалық денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысымен танысу мақсатында қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айгүл Сегізбаеваны әңгімеге тартқан едік. _MG_7439– Айгүл Кимқызы, Астана қаласында бүгінгі заманның озық технологияларымен жаб­дықталған клиникалар кешені жеткілікті. Қалалық денсаулық сақтау жүйесіне жататын мекемелер және олардың материалдық-техникалық базасы хақында айтып өтсеңіз. – Мемлекет басшысының тіке­лей қамқорлығының арқасында астаналық денсаулық сақтау саласы бүгінгі өскелең талаптарға сай жабдықталуда. Қазір елорданың денсаулық сақтау құрылымында 34 медициналық ұйым жұмыс істейді, олардың ішінде 11 емхана, 14 аурухана, 1 медициналық же­дел көмек көрсету стансасы, 2 білім беру және басқа мекемелер бар. Бұл медициналық ұйымдар жетекші әлемдік өндірушілердің заманауи құрал-жабдықтарымен, соңғы үлгідегі медициналық тех­нологиялық жүйелерімен жаб­дықталған. Олар сырқатты тексеру мен жедел де жоспарлы тәртіптегі емдеудің кез келген заманауи түр­лерін жүргізуге мүмкіндік береді. – Астаналықтарға медици­налық қызмет көрсетудің көлемі мен сапасы туралы не айтасыз? – Қазіргі таңда, Астана қала­сы тұрғындарына тегін кепіл­дендірілген медициналық көмек шеңберінде амбу­латориялық-емханалық ке­шенде және стационарда амбу­латориялық-емханалық, кеңес­тік-диагностикалық, арнайы ме­дициналық және жоғары ма­мандандырылған көмек түріндегі медициналық қызмет көрсетіледі. Көрсетілетін медициналық қыз­меттің сапасын арттыру және қол­­жетімділігін қамтамасыз ету мақ­сатында осы жақында елордада №10 қалалық емхана ашылып, ол өз кезегінде медициналық-санитарлық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) ұйымдарының жүктемесін 2,5-тен 1,4-ке төмендетуге септігін тигізді. 2013 жылдың қараша-желтоқсан айларында №1 перинаталдық орта­лық және №2 қалалық балалар ауруханасының базаларында қолданыстағы «Шипагер» және «Ниет» жалпы тәжірибелік дәрігерлер бөлімшелерінің орнына ауысымына 250 және 150 келушілерді қабылдайтын отба­сылық денсаулық сақтау орталығы (бұдан әрі – орталықтар) ашылды. Орталықтар қаланың жаңа әкімшілік орталығы, Пригородный, Тельман, Заречное және Промышленный тұрғын алаптарының 55 мыңнан астам тұрғындарына қызмет көр­сетуге есептелген. Сонымен бірге, Астана қаласының 800 мыңдай тұрғынына мемлекеттік 11 МСАК ұйымдар және мемлекеттік емес 4 МСАК ұйымы медициналық қызмет көрсетеді. Емханаларға келетін адамдар­дың кезек күтіп, көп тұрып қа­луына жол бермеу, олардың ке­луін оңтайландыру, тұрғындарға қызмет көрсету уақытын қысқарту, опера­торлардың жұмыс істеу сапасын арттыру, медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында №5, №8 және №10 қалалық емханалардың тіркеу бөлімдерінде электронды кезекке тұру жүйесі енгізілген. – Айгүл Кимқызы, елордадағы міндетті тегін медициналық қыз­мет деңгейі қандай және ол тұрғындар сұранысын қанағат­тандыра ма? Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (бұдан әрі – ТМККК) мыналар кіреді: - жедел медициналық көмек пен санитариялық авиация; - амбулаториялық-емха­на­лық көмек, ол: МСАК; медициналық-санитариялық алғашқы көмек мама­нының және бейінді мамандар­дың жолдамасы бойынша консуль­тациялық-диагностикалық көмекті қамтиды; - МСАК маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын медициналық көмек; - қалпына келтіру емі және медициналық оңалту; - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген халық санаттары үшін паллиативтік көмек және мейірбике күтімі. ТКМК шеңберінде тегін меди­циналық көмек инфекциялық, әлеу­меттік-мағынадағы аурулар­мен және қоршаған ортадағы адам­дарға зиянын тигізетін аурулармен ауыратын науқастар үшін көрсетіледі. Қазіргі уақытта Астананың өсіп өркендеуіне байланысты халықтың жоғары миграциясы орын алуда. Астана қаласы халқының жыл сайынғы өсімі 35-40 мың адамды құрап, ол өз кезегінде медициналық көмек көрсетуде кейбір қиыншылықтарды тудырып, емханалардағы жүктемені өсіріп отыр. Солай бола тұрса да, күні бүгінге дейін елордалықтар және МСАК ұйымдарына тіркелген халық белгіленген көлемдегі тегін медициналық көмекпен қам­тамасыз етілген. Қажет болған жағ­дайда азаматтарға тұрғын жері мен азаматтығына қарамастан медициналық көмек көрсетіледі. – Қалалық медициналық ме­кемелерінде бүгінгі заманның озық технологиялары қалай жұ­мыс істейді? Жалпы, Аста­на қала­сының атына сай меди­ци­налық салада қандай озық ғы­лыми же­тістіктер бар? – Елордада қазіргі заманғы технологиялармен жабдықталған жаңа заманауи клиникалардың ашылуы­мен халықаралық стандарттарға сәйкес диагностика мен емдеудің заманауи әдістерін енгізуге қол жеткізілді. Ол елорданың медицинасын дамытудағы барлық ғы­лыми ағымдарын біріктіруге жә­не адамгершілік мақсатқа қол жет­кізу үшін әлемдік ғылымның бар­лық жетістіктерін пайдалануға мүм­кіндік берді. Қазіргі кезде жақын, алыс шетелдердегі әріп­тестермен ын­тымақтастық және тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген шеберлік-сыныптары арқасында трансплантологияны дамыту мүмкін болды. Қалалық ауруханада бір-бірімен туыс адамдардың бауырын трансплантациялау бойынша ота және тірі донордан алынған бүйректі ауыстыру бойынша 3 ота жасалды. Омыртқа және ірі буын­дарға күрделі де заманауи ота түрле­рін жасау қалыпты құбылысқа айналды. №2 қалалық ауруханада кар­дио­логиялық интервенция мен кардиохирургияның дербес қызметі жұмыс істейді. Мұнда 1800-1900-ға дейін қан тамырлы ангиография, 400 стенттау және жылына 350 ашық кардиохирургиялық ота жасалады. Бұл шаралар қаламызда жүрек-қан тамырлары ауруларынан­ болатын өлімді 2 есеге дейін азайтты. Бөлімшенің арсеналында қажет­ті жоғары мамандандырылған құ­рал-жабдықтың барлық түрлері бар. Сонымен бірге, қалалық ден­сау­лық сақтау саласында Ин­сульт орталығы жұмыс істейді. Ол халықаралық стандарттарға сәй­­кес инсульттан кейінгі бірінші са­­ғатта тромболизисті терапияны қолданады. ERA_9367   аста1 – Жедел жәрдем стансасы та­лапқа сай ма? – 2011-2015 жылдарға арнал­ған «Саламатты Қазақстан» мем­лекеттік бағдарламасы аясында халық денсаулығын сақтау деңгейін, оның ішінде жедел жәрдем саласын жетілдіру бойынша нақты міндеттер қойылған болатын. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында да халық денсаулығын сақтау деңгейін арттыру қажеттілігінің атап өтілгені баршамызға белгілі. Астана қаласының Қалалық же­дел медициналық жәрдем стансасында күн сайын шамамен 75 жедел медициналық көмек бригадалары халыққа қызмет көрсетеді. Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаты мен штат нормативіне сәйкес, бір жедел жәрдем авто­мобилі 10 мың тұрғынға қызмет көрсетуге тиіс. Астана қаласы халқының саны 2014 жылдың басында 814 435 адамға жеткенін ескере отырып, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қосымша тағы 7 санитариялық жедел жәр­дем автомобилін сатып алуға мемле­кеттік сатып алу конкурсы жүр­гізілгенін атап өтуді орынды деп санаймын. Қазіргі кезеңде жедел меди­циналық жәрдем стансасында арнайы мамандандырылған дәрігерлік бригадалар толық жабдықталған. Ал фельдшерлік бригадалардың жабдықталуы 82 пайызды құрап отыр. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың соңына дейін фельдшерлік бригадалардың жабдықталуын 100 пайызға жеткізу күн тәртібіне қойылды. Сонымен бірге, 2011 жылы 4 қазанда Аста­на қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің қатысуымен өткен мәжілістің хаттамасын орындау мақсатында, 2012 жылдың қаңтар айынан Ас­тана қаласының Қалалық жедел медициналық жәрдем стансасында «Е-жедел жәрдем» жобасы енгізіле бастады. «Е-жедел жәрдем» жобасы жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатпен қаржыландырылып, қолданыстағы жедел жәрдем авто­мобильдеріне GРS-навигациясы бар планшеттік құрылғылар орнатылды. Нәтижесінде жедел ме­ди­циналық көмек бригада­лары­ның жұмыстарында оң өзге­рістер байқалды. Мысалы, жедел медициналық көмек бригадалары 2011 жылдың 1 айында 9579 шақыртуды қанағаттандыра алса, «Е-жедел жәрдем» жобасы енгізілгеннен кейін осы көрсеткіш 12 433-ке жетті. – Айгүл Кимқызы, емдеу орта­лықтарының білікті кадр­лармен қамтамасыз етілу жайы қалай? – Астана қаласының ден­сау­лық сақтау басқармасына 34 меди­циналық ұйымдарда 8165 меди­циналық қызметкер жұмыс атқарады. Оның ішінде дәрігерлер 2986, орта буын қызметкерлері 5179 бірлікті құрайды. Бүгінгі күні дәрігерлердің 43 пайызының және мейіргерлердің 41 пайызының жоғары, бірінші және екінші санатты біліктіліктері бар. Өткен жылы жүргізілген аудиттің нәтижесінде штаттық бірлік бойынша меди­циналық кадрдың тапшылығы  – 1070 адамды құрады. Оның ішінде 2013 жылдың қорытындысында дәрігерлер бойынша тапшылық  – 635 штаттық бірлікті, орта меди­циналық мамандардың жетіс­пеушілігі 855 адамды құ­рады. Кадр тапшылығын шешу мақ­сатында кешенді жұмыс­тар ат­қа­рылуда. Сондай-ақ, Ас­тана, Семей, Алматы, Қарағанды қалаларының мемлекеттік медици­налық универ­си­теттерімен меморандумдар жа­салған. – Қалалық денсаулық сақтау жүйесінің таяу болашақтағы жос­парлары туралы не айтасыз? – Елорданың денсаулық сақтау саласын дамыту мақсатында ең алдымен, Денсаулық сақтау минис­трлігі алға қойған мақсат пен мін­деттерді іске асыру, оның ішінде амбулаториялық-емханалық буын деңгейінде ДСБҰЖ қағида­ларын іске асыру және одан әрі жетілдіру қажет. Медициналық қызметтің сапасын арттыру, қала­ның жедел стационарлық мекемелерінде ауруды қабылдау бөлмесінің жұмыс­тарын жетілдіру, қалалық денсаулық сақтаудың педиатриялық қызметін дамыту бойынша кешенді іс-шара­ларды жүзеге асыру, ана мен баланы қорғауға бағытталған шараларды жетілдіру және әлеуметтік маңызы бар аурулардың салдарынан болатын өлім-жітімді төмендету қалалық денсаулық сақтау саласы мамандарының алдында тұрған кезек күттірмес басты міндет болып саналады. – Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».