Қоғам • 30 Наурыз, 2023

Алматы вокзалдары ҚТЖ меншігіне қайтарылады

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы вокзалдары «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының меншігіне қайтарылады. Мұндай шешімді қала әкімі Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы вокзалдары ҚТЖ меншігіне қайтарылады

Тиісті сауалды Түрксіб ауданы тұрғындарының бірі қойды. Алматы әкімі бұл мәселе соңғы сатыда деп жауап берді.

«Мен екі вокзалды да ҚТЖ-ға қайтару туралы шешім қабылдадым. Бір кездері оларды  бір себептермен алып кеткен еді. Бұл инфрақұрылымның бір бөлігі. Қажетті қаражатты салу қажет», деді Ерболат Досаев.

Оның айтуынша, екі вокзал өте маңызды көлік инфрақұрылымы жүйесіне жатады. Сондықтан Алматы-1 стансасы маңындағы аумақты ретке келтіру маңызды.

«Ол жерде автотұрақ ретінде пайдалануға болатын жеке аумақ бар. Мен жер қатынастары бөліміне оны қарауды тапсырдым. Мүмкін біз бұл аумақты көптеген көліктерден босату үшін көп деңгейлі автотұрақтар сала аламыз», деді ол.