02 Шілде, 2014

Ақпараттар ағыны

207 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
 Үкімет агроөнеркәсіп кешеніне жыл соңына дейін 50 млрд. теңге инвестиция тартуды  жоспарлап отыр. Бұл туралы айтқан Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевтың мәліметіне қарағанда, саланы қаржылық сауықтыру бағытында соңғы үш айда 170 млрд. теңгеден астам сомаға 172 қарыз алушының өтінімдері мақұлданған. Бүгінгі таңда мұнда 13 млрд. теңгені құрайтын 20 инвестициялық жоба пайдалануға берілген.  Қазақстан жыл аяғына дейін экспортқа 10 мың тонна жоғары сапалы ірі қара етін жөнелтеді. Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков жоба­ның 2011 жылы Елбасы тап­сырмасына сәйкес жасалғанын, оның 2012 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқанын жеткізді. «Қазіргі кезге 1 мың 350 тонна ет экспортқа жібе­рілді», деді ол.  Алматы қаласында еліміз­дегі тұңғыш түнгі веложарыс өтеді. Астана күніне орай ұйым­дас­тырылғалы тұрған шараны қала әкімдігі қолға алды. Түнгі веложарыс 4 шілде күні кешкі сағат 22:00-де Әл-Фараби даңғылы мен Тәттімбет көшесінің қиылысынан бас­талады.  Шығыс Қазақстанда сүт өңдеуші кәсіпорындарға 467 млн. теңге қаржы бө­лі­неді. «Аг­ро­бизнес-2020» бағ­дарламасы шеңберінде қол­ға алынған бұл қанатқақты жоба шикізат баға­сының қымбаттығына байланысты туындаған проблемаларды шешуге көмектеседі.  Қызылорда облысының прокуратурасы биылғы 5 айда алаяқтық дерегімен 452 қыл­мыс­тық іс қозғады. Бүгінде бұлар­дың 191-і сотқа жіберілген. Об­лыстық прокуратура баспасөз қызметінің баян­дауынша, 114 фак­тіде алаяқтар «несие алуға көмек­тесемін» деп жұртты алдаса, 75-інде қолжетімді бағамен ипотекалық несие алып беруге уәде еткен.  Павлодарда жалға бе­рі­летін тұрғын үй құры­лысы басталды. «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ жалпы алаңы 9 457,92 шаршы метрлік көп пә­терлі тұрғын үй құрылысын қаржыландырады. Жайлылығы төртінші класты 9 қабатты тұр­ғын үйді қаржыландырудың жалпы сомасы 870 млн. теңгені құрайды.  Қостанай облысында төртінші рет жастар күні ата­лып өтті. Оған маусым айы­ның соңғы үш күні арналды. Ор­та­лық стадионда керуен керген шеруге спортшылар, әншілер, педагогикалық жасақтар, жастар ұйымдарының және ірі өнеркәсіп орындарының қыз­мет­керлері қатысты. «ҚазАқпарат», Аltaynews.kz, Аlau.kz, Egemen.kz агенттіктері  сайттарының деректері бойынша дайындалды.