Экономика • 30 Наурыз, 2023

Жүк пойызы Алтынкөлге ағылады

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы кездегі себепті жағдайға байланысты Қытайдан Орталық Азияға дейінгі жүк ағыны Алтынкөл стансасына бағытталатын болды.

Жүк пойызы Алтынкөлге ағылады

Коллажды жасаған Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»

Атап айтқанда, сәуір айының 1-інен бастап «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Достық – Мойынты учаскесінің екінші жолдарын салу кезеңінде Қы­тай­дан Орталық Азия елдеріне және Ал­тын­көл – Қорғас пункті арқылы кері жүк транзитінің қозғалысын уақытша қайта бағдарлайтын болды. Бұл шешім таяуда өткен Орталық Азия және Қытай елдері өкілдерінің қатысуымен болған ТЖЫҰ кеңесінде айтылды.

Алтынкөл – Қорғас өткелі арқылы Қытайдан Орталық Азияға жүк тасымалдау Достық – Алашаңқай түйісуіне қарағанда 500 шақырымға қысқа және 10-15 пайызға арзан көрінеді. Қазіргі күнде Достық – Алашаңқай түйісуі бо­йынша тасымалдау үлесі Орталық Азияда жалпы көлемнің 20 пайызынан аспай жүр.

Алтынкөл және Қорғас стансалары заманауи инфрақұрылымға ие және жүктерді қабылдау мен беру үшін терминалдық мүмкіндіктері де бар.