Білім • 02 Сәуір, 2023

Шетелден шақырту алды

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық универ­ситетінің 4-курс студенті Назерке Бі­лімжанқызы Ұлы­бри­танияның алты бе­делді университетінен ма­гистратураға шақырту алды.

Шетелден шақырту алды

Атап айтқанда UCL (Uni­versity College London) – MA Education; King’s College Lon­don – STEM Education MA; The University of Manchester – MA Digital technologies, com­munication and education; University of Sheffield – MA Edu­cation; University of Reading – MA Education; University of York – MA Education универ­ситеттерінде білім алу үшін енді таңдау Назеркеге түсіп тұр.

2019 жылы Алматы қала­сындағы №173 физика-математика лицейін «Алтын белгі­мен» бітірген Назерке қазіргі кезде аталған оқу орнында «Ағыл­шын тіліндегі информатика» мамандығы бойынша білім алып жатыр. Талапты қазақ қызы таяу болашақта әлемнің мақтанышына айналады деп сенеміз.

 

АЛМАТЫ