Теннис • 02 Сәуір, 2023

Шешуші кезеңге шыға алмады

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Малайзияның Кучинг қаласында ұйымдастырылған теннистен 14 жасқа дейінгілер арасындағы командалық әлем чемпионатының Азия-Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңінің бәсекелері аяқталды.

Шешуші кезеңге шыға алмады

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, еліміздің жасөспірімдер құрамасы топтық кезеңде сәтті өнер көрсетіп, ширек финалға жолдама алды. Сергей Квак шәкірттері топтық сайыстың алғашқы екі ойынында Иордания мен Сингапур құрамаларын жеңгенімен, соңғы турда Аустралияға есе жіберді – 3:0.

Ал іріктеу турнирінің ширек финалында Жапония теннисшілерімен шеберлік байқасқан жерлестеріміз бұл ойында да қарсыластарына жол беріп (2:0), Чехияның Простеев қаласында өтетін әлем чемпионатының жолдамасынан қағылды. Былтыр дәл осы жас санатындағы Қазақстан құрамасы алғаш рет әлем чемпионатының финалдық кезеңінде ойнап, төртінші орынға табан тіреген болатын.