Бүкіл әлемде урбанизация жылдам қарқын алуда. Қала халқының саны жыл сайын көбейіп жатыр. Ол тек ауылдан көшіп келгендердің есебінен емес, туу көрсеткіші өскендіктен де артып келеді.
Геостатистика мәліметтеріне қарағанда, ауыл тұрғындарының үлесі соңғы 50 жылда 82 пайыздан 25 пайызға дейін төмендеген. Яғни халықтың басым бөлігі ауылдан қалаға көшіп кеткен.
Ал Қазақстан халқының 42,3 пайызы ауылда тұрса, 57,7 пайызы - қала тұрғындары.