«Қылмыстық әрекеттен түскен табыстарды жылыстату, анықтау, алып қою және тәркілеу туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы
1-бап. «Қылмыстық әрекеттен түскен табыстарды жылыстату, анықтау, алып қою және тәркілеу туралы конвенцияны ратификациялау туралы» 2011 жылғы 2 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011ж., №9, 72-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Конвенцияның 14-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Конвенцияның 14-бабының 2-тармағын өзінің конституциялық қағидаттарын және өзінің құқықтық жүйесінің негізгі тұжырымдамаларын ескере отырып қана қолданады;».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2014 жылғы 30 маусым
№ 218-V ҚРЗ