Спорт • 05 Сәуір, 2023

Әлем чемпионатына қатысады

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Келесі айда Оңтүстік Африка Респуб­ликасының бас шаһары – Дурбанда жалауы желбірейтін үстел теннисінен жекелей сындағы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының қатары толықты.

Әлем чемпионатына қатысады

Кеше Халық­аралық үстел тен­нисі фе­де­рациясы (ITTF) жер­­лес­теріміз – Денис Жо­­лудев/Сағын­тай Құр­мам­баев және Зәуреш Ақашева/Анастасия Лавро­ваның жұп­тық сында бақ сынайтынын хабарлады.

Қаңтар айында Дохада (Қатар) өткен Азия құрлығының іріктеу кезе­ңінде үздік шыққан ұлттық құрама өкілдерінен Кирилл Герасименко (жекелей және жұптық сында), Алан Құрманғалиев (жұптық сын), Айдос Кенжеғұлов (аралас жұптық сын), Зәуреш Ақашева (аралас жұптық сын) жылдың басты бәсекесіне жолдама жеңіп алған болатын.

Биылғы әлем чемпионаты 20-28 мамыр аралығында өтеді. Бұл –1939 жылдан кейін Африка құрлығында өтетін алғашқы әлем чемпионаты. Осымен 57-рет ұйымдастырылатын әлемдік додада жалпы бес жүлде жиынтығы сарапқа салынады.