– Бұл жоба Қазақстан үшін аса маңызды, – деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, – сіздерді жаңа жобаның қолға алынуымен құттықтаймын! Солтүстік Қазақстаннан Талдықорған өңіріне дейін тартылған электр желілері арқылы Алматы облысын электр энергиясымен қамтамасыз ету сенімділігі артатын болады. Жобаны бастауға рұқсат етемін.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев «онлайн» режімінде құрылыс жұмыстарын бастауға рұқсат берген салтанатты сәтте еліміздің әр түкпірінен жиналған «KEGOC» компаниясының жұмысшылары әлеуметтік маңызы зор жаңа бастамаға ерекше ықыласпен қол соғып, қолдау білдірді.
Аталған жоба пайдалануға берілгеннен кейін отандық электр нарығының Солтүстік – Шығыс және Солтүстік – Оңтүстік бағыттарындағы электр жеткізу қабілеті күшейеді. Қазақстанның солтүстіктегі энергия көздерінен, оңтүстіктегі тұтынушыларға қосымша электр қуаты жеткізіледі. Әрі осы арқылы Шығыс Қазақстан облысындағы энергия тапшылығын Ресей желісі арқылы жеткізілетін электр энергиясынсыз-ақ жабуға мүмкіндік туады.
Қолға алынып отырған жоба, «500 кВт әуе желісі» Ақтоғай – Алматы, Ақтоғай – Достық, Ақтоғай – Мойынты бағыттары бойынша теміржол торабын дамытуға, тау-кен өндірісіндегі, мәселен, Ақтоғай, Ақбастау, Құсмұрын кен байыту комбинаттары сияқты көп көлемде электр қуаты тұтынатын нысандарды электр энергиясымен қамтамасыз етеді.
Жоба екі кезеңде іске асырылады. Құрылыс жұмыстары 2018 жылы аяқталмақ. Әлеуметтік маңызы зор жобаның құны шамамен 120 млрд. теңгені құрайды. Құрылыс барысында 1,8 мың жаңа жұмыс орны ашылып, нысан пайдалануға берілгеннен кейін 97 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.
Айта кету керек, «KEGOC» АҚ соңғы жылдары ірі инвестициялық жобаларды тұрақты жүзеге асырып келеді. Оның ішінде «500 кВ-тық Солтүстік-Оңтүстік Қазақстан транзиті екінші әуе желісінің құрылысы», «ҰЭТ жаңғыртылуы», «ҰЭТ жаңғыртылуы, ІІ кезең» «Мойнақ ГЭС қуаттылығын күшейту» сияқты жобалары толық қуатында жұмыс істеп тұр.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА,
журналист.
СЕМЕЙ.
Суретті түсірген автор.

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері жасанды интеллект хакатонына барды
Президент • Бүгін, 17:38
Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи құжатты тапсырды
Президент • Бүгін, 17:23
Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары Бұхарадағы Ахуалдық орталыққа барды
Президент • Бүгін, 17:05
Шымкентте балық шаруашылығын технологиялық жаңғыртудың жаңа бағыттары айқындалды
Аймақтар • Бүгін, 16:55
Мемлекет басшысы мен Өзбекстан Президенті бейресми кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:03
Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады
Білім • Бүгін, 15:46
Волейболдан Қазақстан чемпионатының плей-офф матчтары «Барыс Аренада» өтеді
Спорт • Бүгін, 15:43
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бахауддин Нақышбанди мемориалдық кешеніне барды
Президент • Бүгін, 14:39
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды
Президент • Бүгін, 14:22
Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында ғылыми онкүндік өз жұмысын қорытты
Ғылым • Бүгін, 13:31
Мемлекет басшысы белгілі ғалымдарды марапаттады
Президент • Бүгін, 12:33
«Ұстаз-блогер» Нұржан Смағұлов жауапкершілікке тартылды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 11:38
Алматыда ғалымдар марапатталды
Ғылым • Бүгін, 11:02
Қалдықты кәсіп көзіне айналдырды: Ауыл тұрғыны ерекше экологиялық жобаны іске асырды
Қоғам • Бүгін, 10:10