Енді 1/8 финалдың бұрнағы күні түнде және кеше таң алдында аяқталған екі кездесуіне қысқаша шолу жасап өтейік. Бұдан бұрын мәлім еткеніміздей, бұлардың алдыңғысында Аргентина мен Швейцария арасындағы ойынның негізгі уақыты 0:0 есебімен тең аяқталды. Ал овертаймда аргентиналықтар 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Қарсыластар кездесудің алғашқы 15 минутына дейін бір-бірлерінің қақпаларына пәлендей қауіп төндіре алмады. Дегенмен, бұл аралықта аргентиналықтардың аздаған артықшылығы байқалғаны рас. Олар допқа да көбірек иелік етті, шабуылды да артығырақ жасады. Бірақ Швейцария футболшыларының сирек жасаған қарсы шабуылдары қауіптірек көрінді. Таймның соңында олар екі рет гол соғу сәтінде тұрды. Алғашында 39-минутта олар қауырт жорыққа шықты. Оң қапталдан Йосип Дрмичке пас тасталды. Қақпашы Серхио Ромеро оны қағып алуға ұмтылды. Бірақ мүлт кетті. Оны іліп әкеткен Йосип айып алаңына кіріп, Ромеродан асырып атты. Алайда, өте баяу ұшқан допты қақпашы оңай қағып алды. 45-минутта Жердан Шакири ұзақ арбасып барып, қақпаға қарай доп әуелетті. Оны голкипер сыртқа шығарып жіберді.
Екінші тайм да алғашқысының көшірмесіндей болып шықты. Мұнда Аргентина шабуылдаумен, ал Швейцария қарсы шабуылға шығумен болды. Екі жақтың да гол соғатын сәттері аз болған жоқ. Әйткенмен, олардан нәтиже шыға қоймады. Сөйтіп, негізгі уақыт та бітті. Ал қосымша тайм бітуге 2 минут қалған шамада аргентиналық Анхель ди Мария гол соғып, өз командасына жеңіс сыйлады.
Бұдан кейін Бельгия мен АҚШ командалары ұшырасты. Мұнда да негізгі уақыт 0:0 есебімен аяқталды. Сосын жеңімпазды қосымша таймдарда анықтауға тура келді. Ал овертаймда бельгиялықтар 2:1 есебімен жеңіске жетті. Матч бастан-аяқ кескілескен тірес үстінде өтті. Оның өне бойында бельгиялықтар айтарлықтай басымдық танытты. Бұл көптеген мүмкіндіктердің жүзеге асырылмаған матчы болды. Олардың денін еуропалықтар жасады.
Қосымша тайм алдыңғы кезеңдердегі қарқынның басылмағанын көрсетті. Тағы да құйындай құйғытқан шабуылдарға кезек келді. Солардың бірі 93-минутта жасалды. Алдымен Ромелу Лукаку оң қапталда допқа таласты жеңіп шықты. Ол сосын қақпа алаңына қарай зуылдады. Бірақ оның соққысы дәл болмады. Қақпашыдан қайтқан доп Кевин де Брюйненің оң жамбасына келе қалды. Оның жерлетіп ұрған добы бағанның дәл жанынан өтіп, торға топ ете түсті. Гол! Кездесудің соңы Бельгия құрамасының басымдығын тағы бір голға айналдырып шыға келді. Оны Лукаку түсірді. Бұдан әрі адам түсінбестей жағдай болып кетті. Алаңға енді ғана шыққан америкалық Джулиан Грин 107-минутта алдына келген допты тоқтатпастан ұрып, қақпаға күмп еткізді – 1:2.
Чемпионаттағы ширек финалдық ойындар 4-5 шілде күндері ойналады. Оларда Франция – Германия, Бразилия – Колумбия, Аргентина – Бельгия және Голландия – Коста-Рика өзара кездесіп, жартылай финалға шығатын командаларды анықтайды.
Руслан ИГІЛІК.

Германия Кюрасао құрамасын 7-1 есебімен ойсырата ұтты
Спорт • Бүгін, 00:05
Президент асыл тұқымды арғымақтарын көруге арнайы барды
Президент • Кеше
Қазақстанның волейболшылары жартылай финалға шықты
Спорт • Кеше
Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті
Елорда • Кеше
АҚШ-та 24 жастағы Қазақстан азаматы жоғалып кетті
Қоғам • Кеше
Жетісу облысында күйеуін өлтірген көпбалалы ана қамауға алынды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда заңсыз қайық айлағын салған кәсіпкер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
«Әділет» партиясы «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
Саясат • Кеше