Қоғам • 05 Сәуір, 2023

Шетел валютасын тасымалдау әрекетінің жолы кесілді

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы 15 күн ішінде «Нұр жолы» кеден бекетінде шетел валютасын тасымалдаудың 5 фактісінің жолы кесілді. Бұл туралы Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Шетел валютасын тасымалдау әрекетінің жолы кесілді

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Нұр жолы» кеден бекетінде жеке тұлғалардың қолма-қол шетел валютасын декларацияламау фактілерін анықтау бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп жатыр.

«Нұр жолы» кеден бекетінің  қызметкерлері қорғаныс кешенінің шекаралық бақылау қызметкерлерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына  шығудың әкімшілік залында 15 күн ішінде шетел валютасын тасымалдауға тырысудың 5 фактісін анықтады.

Қытай Халық Республикасының азаматынан  16 наурызда 10 000 АҚШ доллары, 1100 юань және 73,5 мың теңге сомасында декларацияланбаған қаражат анықталды.

Сол сияқты, 18 наурыз күні  Тәжікстан азаматы  11 875 АҚШ долларын, ал 25 наурыз күні  Қытай  Республикасының азаматтары 5 млн теңге, 416 юань және 1,7 млн теңге және 14 500 АҚШ долларын декларацияламағаны анықталды.

Сәуірдің басында Қытай азаматы 15 500 АҚШ долларын декларацияламай алып өтпек болды.

Барлық фактілер бойынша әкімшілік материалдар толтырылды.

«Жетісу облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әкету күніне белгіленген бағам бойынша есептелген  және 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салынған еске салады», делінген хабарламада.