Қоғам • 06 Сәуір, 2023

Маңғыстауда есірткі жарнамалаған 15 сайт бұғатталды

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстауда өткен жылы құқық қорғау органдары есірткі тарататын 110 сайтты бұғаттаса, биыл 15 сайттың жұмысын тоқтатқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстауда есірткі жарнамалаған 15 сайт бұғатталды

Құзырлы орган өкілдері, сондай-ақ есірткі саудасын тоқтату бағытында үйлер мен ғимараттардың қабырғаларындағы граффити жазуларды жойған.

Айта кетейік, прокуратура, құқық қорғау және уәкілетті органдар өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобын құру ұсынылды. Топтың мақсаты-нашақорлықтың алдын алу, есірткіні тұтынушыларды анықтап, жастардың есірткіні қолдануға немесе заңсыз айналымына тосқауыл қою.

«Өткен жылы есірткі қылмыстары үшін 300-ге жуық адам сотталды. Биылғы жылдың 3 айында 40 адам сотталған. Оның ішінде осы алтауы синтетикалық есірткімен байланысты қылмыс. 1 апта бұрын ұлттық қауіпсіздік комиттеті 4 азаматты ұстады. Олар Каспий теңізі арқылы 15 кг жуық опи есірткі затын сатуға алып келген. 4 азамат қазір соттың санкциясымен қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр», деді Маңғыстау облыстық Прокуратурасы қылмыстық қудалау басқармасының бастығы Данияр Төлегенов.

Жалпы биыл өңірде есірткі қылмысы 49%-ға төмендеген.