Медицина • 06 Сәуір, 2023

«Сұрақ белгісінің» жауабы табылды

342 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Екібастұздан елордаға ем іздеп келген Владимир секілді науқастарды дәрігерлер «Сұрақ белгісі кейпіндегілер» деп атайды екен. Яғни мұндай адамдар бүкірейген бойын тік ұстай алмай, жылдар бойы сүйек ауруының зардабын тартады. Алайда бұл азаптан да құтылуға болатынына Н.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығында жасалған операция көз жеткізді.

«Сұрақ белгісінің» жауабы табылды

Аталған орталықтың хирург­те­рі Екібастұздан келген нау­қас­ты біраз жыл қинаған ауруынан­ құтқарды. Операция МӘМС жүйесі аясында жасалды.

Бұл ауру алға қарау үшін ада­м­­­ның басын көтеруіне мүм­кін­дік бермейді. Науқастың бұл сыр­қаттан зардап шеккеніне бір­неше жыл болған. Мұндай ауру­ға операция жасау өте қиын және сирек жасалады екен. Тіпті Ре­сей дәрігерлері де науқасты қабылдаудан бас тартқан.

Академик Н.Ж.Батпенов атын­­дағы Ұлттық ғылыми трав­­матология және ортопедия­ орталығының хирургтері жо­ға­ры технологиялық медицина кө­ме­гімен 6 сағат бойы операция жа­сады. Сәтті жасалған опера­ция­дан кейін пациент оңалту емшарасын қабылдап жатыр.

«Жазға қарай Владимир бел­сен­ді өмір салтына толыққанды кө­шеді деп үміттенеміз. Ең бас­ты­сы – оңалту кезеңінен дұрыс өту»­, дейді омыртқа патологиясы бөлі­мінің меңгерушісі Сейдәлі Әбдалиев.

Осындай бір ғана күрделі операцияның құны орта есеппен бір­неше миллион теңге тұрады. Әлеу­меттік медициналық сақ­тан­дыру қорынан медициналық қызмет көрсетуге қомақты қара­жат бөлінеді. Жыл сайын­ медициналық сақтандыру есе­бінен травматология, нейрохирур­гия, кардиохирургия, урология, онкология және басқа да салалар бойынша көптеген қымбат операция жасалады. Мысалы, 2022 жылы елордада жоғары технологиялық ме­дицина көмегімен 7 885 операция­ жасалды.

«Осындай күрделі операцияны­ ма­ған МӘМС жүйесі арқылы тегін жа­сады. Сәтті өткен опера­циядан ке­йін өзімді әлдеқайда жақсы се­зі­немін. Орталық дәрігерлеріне ал­ғы­­сым шексіз», деп ризашылығын біл­дірді Владимир.

Аталған орталық – тірек-қимыл ап­паратының ең күрделі ауруларына­ операция жасайтын, трав­матология және ортопедия мәсе­лелері бойынша жетекші ұйым.­ Осы орталыққа жүгінгісі,­ МӘМС аясында көмек алғысы кел­ген емделушілер Медициналық сақ­тандыру қорына хабарласуына бо­лады. Сарапшылар сізге ТМККК шең­берінде және МӘМС жүйесінде ме­дициналық көмек алу бойынша ке­ңес береді, мәртебесі мен төлемі бо­йынша ақпаратты тексереді, қа­жет болған жағдайда мәселені шешуге медициналық ұйымның сарапшыларын жұмылдырады.