Үкімет • 06 Сәуір, 2023

Жер қатынасын цифрландыру

482 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Енді кез келген азамат ел аумағындағы бос жер телімдері туралы ақпаратқа еркін қол жеткізе алады. Бұл – жер қатынастары туралы заңға енгізілген өзгерістен кейін мүмкін болып отыр.

Жер қатынасын цифрландыру

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Респуб­ли­касының кейбір заңнама­лық актілеріне жер қатынастары саласын­дағы мемлекеттік көрсеті­летін қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Құжаттағы толықтырулар туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэро­ғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин таратып айтып берді.

– Біздің министрлік жер учас­келерін берудің ескірген ере­же­лерін толығымен өзгертуді және оны электронды форматқа көші­руді талап ететін заң жобасын әзірлеуге белсенді қатысты, сонымен қатар бұл үдерістің тиімділігін дәлелдеу қажет болды. Менің ойымша, біз барлығын ойдағыдай іске асыра алдық. Парламенттегі әріптестеріме алғыс айтқым келеді, өйткені Мәжі­ліс пен Сенаттағы жалпы оты­рыс­тарда көптеген сұрақ көтері­ліп, бұл заң жобасының маңыз­­дылығы атап өтілді, – деді Цифр­лық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.

Заңға сәйкес жауапты ведомс­тво Президент тапсырмасы­нан кейін жер теліміне қатысты құқықтарды тіркеу рәсімдерін жеңілдететін «Бірыңғай мемлекет­тік жылжымайтын мүлік кадастры» жүйесін әзірледі. Оған қол жеткізу қоғамдық кадастр картасы арқылы жүзеге асырылады. Ал кадастр картасы жылжымайтын мүлік пен жерді сатып алу, сату, ашық түрде жалға беру сынды белгілі бір мәмілелерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік кадастр жүйесінен онлайн мәліметтер алуға мүмкіндік береді.

– Жоба кезең-кезеңмен ке­ңей­­тілді. Биылдан бастап, жер тел­і­­мін беру жөніндегі элект­рон­ды форматқа 89 қала­ның же­рі туралы деректер көшірі­леді. Қазір Индустрия және ин­фра­құ­рылымдық даму ми­нистрлігімен және жергілікті атқару­шы органдармен бірлесе оты­рып, аталған жобаны толық­қан­ды іске қосу жұмыстары жүргі­зі­ліп жатыр, –  деп нақтылады Б.Мусин.