Қоғам • 07 Сәуір, 2023

Биыл Алматыға 21 мыңнан астам шетел азаматы келген

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қалалық ПД көші-қон қызметінің мәліметінше, биылғы жылдың алғашқы үш айында қалаға 21805 шетел азаматы келген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есеге көп, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл Алматыға 21 мыңнан астам шетел азаматы келген

– Көші-қон заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және заңсыз көші-қон арналарын жою бойынша тұрақты негізде жедел алдын алу іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері 6472 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, оның 1738-і шетел азаматы. Әкімшілік жолмен 248 шетелдік елден шығарылды. ПД-ның қабылдап-тарату бөліміне жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 365 шетел азаматы орналастырылды, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сонымен қатар шетелдік жұмыс күшін пайдалану ережелерін бұзған 47 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жыл басынан бері заңсыз көші-қонның 11 арнасы анықталды.