Қоғам • 08 Сәуір, 2023

Маңғыстауда пара алған полиция подполковнигі сотталды

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұрынғы полиция подполковнигі Тәжікстан азаматынан 300 АҚШ доллары көлемінде пара алды деп айыпталды, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Маңғыстауда пара алған полиция подполковнигі сотталды

2023 жылдың басында Бейнеу ауданы ІІБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі құқық қорғау органының қызметкері лауазымында бола тұра қасақана, пайдақорлық ниетпен Тәжікстан Республикасының азаматынан қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылдау үшін 300 АҚШ доллары көлеміндегі ақшаны пара ретінде жеке өзі алған, делінген Бейнеу аудандық сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

ҚР ҚК-тің 366-бабының 1-1-бөлігінің санкциясында  құқық қорғау органының қызметкері немесе құқық қорғау органында жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам жасаған дәл сол іс-әрекет – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның 30 еселенгеннен 50 еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Сот сотталушы Е-ның өз кінәсін толық мойындауын, шын ниетімен өкінуін және кәмелетке толмаған балаларының болуын қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар деп таныған.