Спорт • 08 Сәуір, 2023

«Оқжетпес» «Ақсу» командасын ірі есеппен жеңді

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 5-турындағы алғашқы ойын нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Оқжетпес» «Ақсу» командасын ірі есеппен жеңді

Аталған турдағы алғашқы кездесуде «Оқжетпес» (Көкшетау) пен «Ақсу» (Павлодар облысы) шеберлік байқасты.

Кездесу барысында көкшетаулық клубтан Срджан Димитров 20, 60-минуттарда екі голдың авторы атанса, Максим Драченко 77-минутта есепті үстемелей түсті.

Осылайша көкшетаулық команда қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті.

«Оқжетпес» екі тур қатарынан қарсыластарын ірі есеппен жеңіп келеді. Өткен турда олар сырт алаңда «Атырауды» 4:0 есебімен сүріндірді.

Енді 16:00-де «Қызылжар» (Петропавл) мен «Атырау», «Мақтаарал» (Түркістан облысы) мен «Каспий» клубтары жасыл алаңға шығады.

Ал 20:00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Шахтёр» (Қарағанды) ойнайды.

Ал 9 сәуірде «Қайрат» (Алматы) пен «Жетісу» (Талдықорған), «Тобыл» (Қостанай) мен «Астана», «Ордабасы» (Шымкент) мен «Ақтөбе» командалары кездеседі.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024