Спорт • 09 Сәуір, 2023

Нұрсұлтан Тұрсынов Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен ересектер арасында Азия чемпионатында қазақстандық Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұрсұлтан Тұрсынов Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Ол финалда ирандық Насер Гасем Əлизадеге есе жіберді.

Қазақстандық балуан бұған дейін жартылай финалда қырғызстандық Атабек Азисбековті жеңсе, ширек финалда өзбекстандық Жалғасбай Бердімұратовтан басым түсті.

Сондай-ақ бүгін Әлімхан Сыздықов (130 келі) қола жүлде үшін белдеседі.

Қазірге дейін ел құрамасынан Аманғали Бекболатов (55 келі) пен Мұхамедалі Мамырбек (63 келі) қола жүлде алды.

10 сәуірде грек-рим күресінен қалған салмақтарда жүлделер сарапқа салынады.

Ал 11-12 сәуірде әйелдер күресінен сайыстар өткізіледі.

Сәуірдің 13 мен 14 аралығында еркін күрестен жарыс өз мәресіне жетпек.