Осы жылдың 14 сәуіріне дейін жалғасатын іс-шара «Сапалы білім беру «Білімді ұлт» ұлттық жобасын іске асыру аясында «WorldSkills International» құзыреттілігін және «WorldSkills Kazakhstan» ұлттық қозғалысын қолдау мен жұмысшы мамандықтарын насихаттау мақсатында өткізіліп отыр.
Жұмысшы мамандығының беделін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту – ұйымдастырушылар көздеп отырған негізгі бағыт. Чемпионатқа 53 құзыреттілік бойынша 400-ге жуық колледж студенттері қатысып, графикалық дизайн, кірпіш қалау, құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары, сантехника және жылыту, кескіндеме және сәндік жұмыстар, бизнеске арналған IT-шешімдер, CNC станоктарында жұмыс істей алатын токарьлар, CAD инженерлік графикасы, прототиптеу, сонымен қатар тоңазытқыш және желдету техникасына қызмет көрсету, жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсетуге маманданатын бағыттар қамтылатын болады.
Чемпионаттың тағы бір ерекшелігі – «DeafSkills» және «Абилимпикс» бойынша ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау. Чемпионат аясында 6 құзыреттілік бойынша 20-дан астам студент қатысады. 500-ге жуық тәжірибелі өндірістік оқыту шеберлері, арнайы пән оқытушылары мен жұмыс берушілер сарапшы ретінде тартылған өңірлік чемпионаттың жеңімпаздары осы жылдың маусым айында өтетін «WorldSkills Kazakhstan-2023» республикалық кәсіби шеберлік чемпионатына жолдама алатын болады. Ал халықаралық чемпионат осы жылдың қыркүйегінде Польшада өтеді.
АЛМАТЫ