02 Маусым, 2010

ШИПАЖАЙҒА ЖОЛДАМАЛАР БЕРІЛДІ

532 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Өңірдегі отандық және шетел­дік компаниялар да майдангерлер­ге әлеуметтік қолдау көрсету мен ем­делуіне демеушілік танытудан шет қалған емес. Жеңіс мерекесі қарсаңында Аджип ҚКО компа­ниясы облыстық әкімдікпен бір­ле­сіп, соғыс және тыл ардагер­лерінің бір тобына шипажайларда ем алу жолдамаларын тапсырды. Сөйтіп, енді 20 ардагер “Геолог Казахстана” және 55 ардагер “Атырау” шипажайында дем ала­тын болды. – Біз, – дейді компанияның жергілікті билік органдарымен бай­ланыс жөніндегі менеджері Се­рік Идранов, – Жеңістің қан­дай қиыншылықпен келгенін, бүгінгі бейбіт өмір үшін жан­қияр­лық танытқан майдангерлеріміздің ерлігін ешқашан ұмытпаймыз. Майдангерлердің ерлігін әр кез өнеге тұтамыз, арамыздағы арда­герлерге үнемі құрмет көрсетуге дайынбыз. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ. Атырау облысы.
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да қар көшкіні жүреді

Табиғат • Бүгін, 11:28

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • Кеше

Театр тұйғыны

Театр • Кеше

Киелі күй иесі

Тұлға • Кеше

Сапаға мән береді

Еңбек • Кеше