Жуырда IV алматылық қайырымдылық футбол турнирі мәреге жетті. Оған 19 команда қатысып, жарыс әділ өтуі үшін білікті төрешілер шақыртылды.
Ең бастысы, теңбіл доп жарысынан түскен барлық қаражат қайырымдылық мақсатқа жұмсалады. Яғни, «ДЦП» ауруымен ауыратын балаларға медициналық құралдар және де медициналық препараттар сатып алынбақ.
– Менің ойымша қайырымдылық турнирде жеңімпаз, ұтылған деген болмайды, тек достық қана болады, – дейді «Алтын Қыран» Қайырымдылық қорының өкілі Тоғжан Тілегенова. Себебі, осынау турнир – бұл қатысушыларға достық қарым-қатынас орнатуға, жаңадан әріптестер тауып, танысуға, саламатты өмір салтына жетелейтін мүмкіндіктер алаңы.
– Соңғы жылдары дәстүрге еніп келе жатқан қайырымдылық турнирдің – игілікті бастамалар қатарына қосылғаны қуантады. Және де менің байқағаным, мен қатысқан басқа турнирлермен салыстырғанда, бұл жерде ойыншылар да жақсы өнер көрсетіп, жарақат өте аз болды, тіпті, ауыр жарақат болмады, – деді НСК сақтандыру компаниясының дәрігері.
– Бір жағынан, жігіттер осындай қайырымдылық іс-шарасына қатысып, өздерінің үлестерін қосса, екінші жағынан, олар саламатты өмір салтын ұстануда. Әр жыл сайын турнирге жаңа командалар қатысуда. Жүлделі орын алған командалар кубок, медаль алса да, бұл жерде ең бастысы осы ізгі шараға қатысу деп ойлаймын, – деді «MEGA» командасының капитаны Әлішер Әлиев.
Турнирге төрт жылдан бері қатысып, биыл бірінші орын алған Marseille («Қазақстан Халық Банкі») командасының капитаны Дияр Әзбергенов турнирдің жарыстан гөрі, қайырымдылық іс-шара екендігіне көңіл бөліп, жиналған қаражат мүгедек балаларға жұмсалатынына қуанады.
Сонымен теңбіл доп турнирін ұйымдастыруға «Болашақ» корпоративтік қоры, Қазақстандағы Лондондық экономикалық мектебінің қауымдастығы, Қазақстандағы Империал колледж қауымдастығы, «Халықаралық «Алтын Қыран» қайырымдылық қоры «Altyn Kyran» атсалысты.
Осы жылы турнирге «RG Brands» компаниясы, «OneCard», «Fidelity» фитнес-клубы, «НСК» сақтандыру компаниясы, MarseillePub, «Команда Я волонтер» Қоғамдық қоры демеушілік танытқан.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.

«Әділет» партиясы «AMANAT» мүшелерінің қосылуын маңызды қадам деп бағалады
Партия • Бүгін, 12:52
Курьерлік қызмет еңбек нарығына қалай әсер етті?
Қоғам • Бүгін, 12:49
«Елімай» – «Ордабасы» матчын жүргізген төреші Астана әуежайында ұсталды
Футбол • Бүгін, 12:44
Астанадағы жаппай төбелеске қатысты тергеу басталды
Оқиға • Бүгін, 12:38
Балқаш қаласында зейнеткер қызынан ай сайын алимент алғысы келген
Оқиға • Бүгін, 12:27
Ел тұрғындарының әл-ауқаты артты ма? Ғалымдар не дейді?
Қоғам • Бүгін, 12:15
Германия құрамасының қақпашысы әлем чемпионатында рекорд орнатты
Футбол • Бүгін, 11:55
Димаш Құдайберген өзінің LEGO-портретін жасаған оқушыларға жолдама сыйлады
Қоғам • Бүгін, 11:53
Шымкентте сегіз жастағы қызға қырындаған ер адам айыппұлмен құтылды
Оқиға • Бүгін, 11:45
Қарасай ауданында жасырын есірткі зертханасы жойылды
Заң • Бүгін, 11:37
Дүкен сөрелерінде отандық өнім үлесі артты ма?
Экономика • Бүгін, 11:35
228 млн теңге шығын: Абай облысында пайдалы қазбаны заңсыз өндіргендер ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:22
Эбола індеті өршіп барады: Конгода қауіпті вирус жұқтырғандар саны 782-ге жетті
Әлем • Бүгін, 11:10
Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс Даңқ залына енді
Бокс • Бүгін, 10:45
Құмар ойын құрбаны: Атырауда «Махаббат рулеткасы» спектаклінің премьерасы өтті
Мәдениет • Бүгін, 10:33