Ауа райы • 10 Сәуір, 2023

Алдағы күндері 30 градусқа дейін ыстық болады

447 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 2023 жылдың 11-13 сәуірінде Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты. Болжам бойынша, қатты жауын-шашын, күннің жылынуы, тұман, желдің күшеюі, көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы күндері 30 градусқа дейін ыстық болады

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасы түнде 5-10 градус аязға дейін төмендейді.

«Көктем өзінікін алды. Күндіз ауа температурасының бірте-бірте көтерілуі күтіледі. 13 сәуірде ауа температурасы республиканың солтүстік жартысында 10-18 градусқа, оңтүстікте 17-30 градусқа жетеді», делінген Қазгидромет хабарламасында. 

Болжам бойынша, 11-12 сәуірде түнде оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын жауады.

«Республикада тұман, жел күшейеді, оңтүстік облыстарда шаңды дауыл соғып, найзағай ойнайды, солтүстік жартысында көктайғақ болады», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.