– Жәрмеңкеде Алматы қаласының тұрғындарына шамамен 226 тонна ауыл шаруашылығы тауары сатылды, – дейді Жамбыл облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Абдалы Нұралиев. – Атап айтқанда 35 млн. теңгеге 34 тонна ет, 4 млн. теңгеге 15 тонна сүт өнімдері, 3 млн. теңгеге 3 тонна шұжық өнімдері, 22 млн. теңгеге 250 тоннадан астам көкөніс-бақша өнімдері саудаланды. Одан бөлек, облыста өндірілетін басқа да ауыл шаруашылығы тауарлары – ара балы, қымыз, шұбат, макарон өнімдері, өсімдік майы, кептірілген жеміс-жидектер бар. Жалпы, жәрмеңкеге ұсынылған тауардың құны 68,7 млн. теңгені құрады.
Әрине, бұл жәрмеңкенің басты ерекшелігі – тауар бағаларының төмен, арзан болғандығы еді. Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаевтың айтуына қарағанда, жәрмеңкеде 10 ауданның кәсіпкерлері өз тауарларын арзан бағамен, тіпті, өз құнынан 30-40 пайызға дейін төмен саудалаған. Жамбылдық ағайындардың бұл жомарттығы мен дарқан пейіліне алматылықтар да дән риза болды. Жәрмеңкені аралап көрген Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов «Мұндай жәрмеңкелер қаланың сауда орындарында бәсекелестік тудырып, бағаны тұрақтандыруға ықпал етеді. Жамбылдықтарға қала тұрғындарының және өз атымнан алғыс айтқым келеді», деп ризашылығын білдірді.
Бұл күні бұған дейін сауда нүктелерінде 80-100 теңгеден сатылған картоп 70 теңгеге, құны 160 теңгеге дейін көтерілген сәбіз бағасы 70 теңгеден саудаланды. Ет өнімдері де едәуір арзан.
Алматының базарларында 1500 теңгеден сатылып жатқан жылқы етінің бағасы бұл күні 1200 теңгеге дейін төмендеді. Қанттың килосы 140, сары майдың килосы 1000, қаймақ 700 теңгеге тұрақтады. Осыдан болар жәрмеңкеге жиналған халықтың қарасы қалың болды. «Астана» алаңына жамбылдық кәсіпкерлер тіккен 52 сауда нүктесінде күні бойы сауда қыз-қыз қайнап жатты.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Суреттерді түсірген
Ақәділ РЫСМАХАН.

Германия Кюрасао құрамасын 7-1 есебімен ойсырата ұтты
Спорт • Бүгін, 00:05
Президент асыл тұқымды арғымақтарын көруге арнайы барды
Президент • Кеше
Қазақстанның волейболшылары жартылай финалға шықты
Спорт • Кеше
Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті
Елорда • Кеше
АҚШ-та 24 жастағы Қазақстан азаматы жоғалып кетті
Қоғам • Кеше
Жетісу облысында күйеуін өлтірген көпбалалы ана қамауға алынды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда заңсыз қайық айлағын салған кәсіпкер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
«Әділет» партиясы «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
Саясат • Кеше