Ильхам Әлиев Қазақстан Президентіне шақыртуы үшін және әкесі Гейдар Әлиевті еске алып, құрмет көрсетіп жатқаны үшін алғыс білдірді.
«Бауырлас ел Қазақстанға келгеніме және ынтымақтасымыздың жалғасып жатқанына қуаныштымын. Бүгін кездесуде атап өткеніңіздей, біз қабылдаған шешімдер жүзеге асып жатыр. Сонымен қатар менің ресми сапарымда қабылданған шешімдер де алдағы уақытта жүзеге аса береді деп үміттенемін. Сонымен қатар мен өз атымнан Гейдар Әлиевті еске алып, оның есімін Астанадағы көшелердің біріне беріп жатқандарыңыз үшін алғысымды айтқым келеді. Менің әкеме құрмет көрсетіп, еске алып жатырсыздар», деп атап өтті Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев.