04 Шілде, 2014

Жұмыс бабындағы отырыс

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Әлемдік және дәс­түрлі діндер көшбас­шы­ларының съезі Хатшы­лығының ХІІІ отыры­сына және V съезге әзір­лік жөнінде жұмыс бабын­дағы отырыс болды, деп ха­бар­лады Қазақстан Респуб­ликасы Парламенті Сена­тының баспасөз қызметі. Қазақстан Рес­пуб­ликасы Парламенті Сенатының Төра­ғасы, Әлемдік және дәс­түрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен 2014 жылғы 14 қыркүйекте Астанада өте­тін Әлемдік және дәстүрлі дін­дер көшбасшылары съезі Хат­шылығының ХІІІ отырысына әзірлік жөніндегі жұмыс ба­бындағы кеңес болды. Сенат Төрағасы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан На­зар­баев бастамашысы болып табылатын діни форумның ерекше маңызын атап өтті. Хатшылық отырысы 2015 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезін өткізудегі маңызды дай­ын­дық кезеңі болады. Осы­ған байланысты Қ.То­қаев осы маңызды форум­ның тұжырымдамалық, идео­ло­гиялық және саяси мәселелері жөніндегі өз ойларын ортаға салып, тиісті тапсырмалар берді.