Экономика • 11 Сәуір, 2023

Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың рекордтық көлемі тартылды

498 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі $28 млрд-ты құрады, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 17,7%-ға артық ($23,8 млрд). Сондай-ақ бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш – 2012 жылы тікелей шетелдік инвестициялар көлемі $28,9 млрд болған, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың рекордтық көлемі тартылды

Осылайша, Үкімет пен өңірлер әкімдіктері жұмысының арқасында өткен жылы ҚР Инвестициялық саясаты тұжырымдамасының 2026 жылға дейінгі аралық нысаналы индикаторлары 14,3%-ға асыра орындалды (жоспар – $24 млрд).

Про

Республикаға тартылған инвестициялар көлемі бойынша көш бастап тұрған елдер: Нидерланды – $8,33 млрд (өсім – 19,7%), АҚШ – $5,1 млрд (+81,9%), Швейцария – $2,8 млрд (+2,4%), Бельгия – $1,56 млрд (+46%), Ресей – $1,52 млрд (-19,7%), Оңтүстік Корея – $1,48 млрд (+84,8%), Қытай – $1,43 млрд (-22,5%), Франция – $770,2 млн (+27,4%), Ұлыбритания – $661 млн (-35,7%) және Германия – $469,5 млн (+45,4%) 

Инвестициялар ең көп тартылған салалар: тау-кен өнеркәсібі – $12,1 млрд (+25%), өңдеу өнеркәсібі – $5,6 млрд (+3%), көтерме және бөлшек сауда – $5,08 млрд (+36%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – $1,1 млрд (өсім – 2,1 есе), көлік және қоймалау – $1,1 млрд (+14%), құрылыс – $698 млн (-3%), қаржылық және сақтандыру қызметі – $650 млн (-60%), электрмен жабдықтау және газ беру – $635,6 млн (өсім – 2,8 есе) және т.б.

Про

Өңірлер арасында шетелдік капиталды тартуда аса белсенділік танытып отырған өңірлер: Атырау облысы – $8,2 млрд (+48%), Алматы – $7,57 млрд (+11%), Астана – $2,25 млрд (өсім – 2 есе), ШҚО – $2,2 млрд (+3%), БҚО – $1,12 млрд (+7%), Алматы облысы – $698,2 млн (+47%), Ақмола облысы – $376,3 млн (өсім – 6,3 есе), Қызылорда облысы – $336,5 млн (+36%), СҚО – $105,7 млн (өсім – 3 есе) және Жамбыл облысы – $62 млн (өсім – 3 есе).