Күрес • 11 Сәуір, 2023

Еркін күрес: Эльмира Сыздықова Азия чемпионы атанды

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Азия чемпионатының финалында қазақстандық Эльмира Сыздықова Қырғызстан өкілі Айпері Медетқызымен тартысты кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еркін күрес: Эльмира Сыздықова Азия чемпионы атанды

Кездесу Эльмираның пайдасына аяқталды. Есеп - 5:0. Осылайша, Қазақстан намысын қорғаған спортшы жанкүйерлердің үмітін ақтап, Азия чемпионы атанды.

Айта кетсек, отандасымыз сары құрлық біріншілігінде екінші рет топ жарды.

Еске салсақ, 68 келіде сынға түскен Елена Шалыгина Азия Чемпионатының қола жүлдегері атанды. Оның қарсыласы Мейірім Жұманазарова жарақат алып, жекпе-жегін жалғастыра алмады.