Аймақтар • 12 Сәуір, 2023

Маңғыстауда сирек кездесетін қызғалдақтар гүлдеді

530 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысында соғды қызғалдағы гүлдеді. Ол тек құмды және сазды шөлдерде өседі, деп жазады Egemen.kz.

Маңғыстауда сирек кездесетін қызғалдақтар гүлдеді

Бірегей қызғалдақтарды биолог Мәлік Нөкісбеков түсірген. Ол суреттерін Instagram парақшасында жариялады.

ю

Соғды қызғалдағы – Қазақстанның қызыл кітабыңа енген, сирек кездесетін қызғалдақтарға жатады. Биіктігі 10-25 см, пиязшығы жұмыртқа тәрізді, қалыңдығы 0,7-1,5 см, қара қоңыр, терілі, қатты, ішкі жағы түкті қабықты.