Қоғам • 12 Сәуір, 2023

Елімізде жаңа кәсіптік стандарттар әзірленеді

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі кезде Қазақстанда 600-ден астам кәсіптік стандарт бекітілген. Бұл туралы Мәжілісте заң жобасын таныстыру кезінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде жаңа кәсіптік стандарттар әзірленеді

Оның айтуынша, елімізде тағы 400 кәсіптік стандартты әзірлеу ескерілген. 2030 жылға дейін бұл стандарттар даярланады деп жоспарланып отыр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, қазіргі кезде 623 кәсіптік стандарт бар. Олар 2689 мамандықты қамтып отыр. Бұл стандарттарда белгіленген талаптар негізінде білім беру ұйымдары тиісті білім бағдарламаларын әзірлейді. Осы орайда жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келетін кадрларды даярлау қамтамасыз етіледі.

Былтыр білім беру бағдарламаларының 64 пайызы кәсіби стандарттарды ескере отырып жаңартылған еді.