Спорт • 12 Сәуір, 2023

Сегіз жолдамамыз бар

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20-28 мамыр аралығында Оңтүстік Африка Республикасының (ОАР) Дурбан қаласында ерлер мен әйелдер арасында үстел теннисінен әлем чемпионаты өтеді.

Сегіз жолдамамыз бар

Осы күнге дейін алты жерлесіміз аталған жарыста бақ сынау құқығына ие болған еді. Олар – Кирилл Герасименко (жеке және жұптық сайыс), Алан Құрманғалиев (жұптық сайыс), Айдос Кенжеғұлов (аралас жұптық сайыс), Денис Жолудев (жұптық сайыс), Сағынтай Құрмамбаев (жұптық сайыс) және Анастасия Лаврова (жұптық сайыс). Күні кеше олардың қатары Зәуреш Ақашева (жеке, жұптық және аралас жұптар сайысы) мен Сарвиноз Мірқадырова (жеке сайыс) сынды тағы екі спортшымен толықты.

Соңғы рет үстел теннисінен әлем чемпионаты 2021 жылы Жапонияның Осака қаласында ұйымдастырылды. Сол жарыс­та сарапқа салынған жеті бас жүлденің бар­лығын да Қытай құрама командасының мүшелері олжалаған еді. Ал өзге медальдар Оңтүстік Корея (1 күміс+3 қола), Солтүстік Корея (1 күміс+1 қола), Бельгия (1 күміс), Тайпей (2 қола), Жапония (2 қола) және Швецияға (1 қола) бұйырған-тын.