05 Шілде, 2014

Қонақүй кешенінде болды

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Мар­риотт» қонақүй-әкімшілік кешенінде болды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Елбасы Астана қаласының ірі инвестициялық нысандарының бірі саналатын кешеннің жаңа ғимаратын аралап көрді. «4+» санатындағы қонақүй құрылысы 2010 жылдың маусымында басталған болатын. Ғимараттың жалпы алаңы 43 мың шаршы метрден асады, ал қонақүйдің нөмірлер қоры 283 бөлмеден тұрады.