Саясат • 13 Сәуір, 2023

Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысы тоқтатылуы мүмкін

613 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылдан бастап Экология министрлігіне табиғатты қорғау заңнамасын жүйелі түрде бұзатын кәсіпорындардың жұмысын сот арқылы тоқтату құқығы берілген. Министрлік алғаш рет бұл құқықты Атырау мұнай өңдеу зауытына қатысты қолдануы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысы тоқтатылуы мүмкін

«Қазір заңнамаға өзгертулер енгізілді. Ластану бойынша жылына екі реттен аса бұзушылық тіркелген жағдайда, сол кәсіпорынның жұмысын тоқтату туралы шешімді толығымен қабылдай аламыз. Бізде мұндай құзырет бар», деді Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Абдуалиев.

Оның айтуынша сот Атырау мұнай өңдеу зауытынан шығарындылардың пайдалануға берілген экологиялық рұқсатты бір айға тоқтатқан. Бірақ екінші сатыдағы сот өндірісте төтенше жағдайдың туындау қаупін азайту үшін зауыттың төтенше жағдайда заң бұзушылыққа жол бергенін алға тартқан. 

«Қазіргі уақытта зауытта тексеру жүріп жатыр. Оның қорытындысы бойынша басқа да заң бұзушылықтар анықталса, зауыттың жұмысын тоқтату туралы материалдар қайтадан сотқа жолданады. Табиғатты қорғау заңнамасын бұзған басқа кәсіпорындарды да осындай жаза күтіп тұр», деп түйіндеді спикер.