Спорт • 13 Сәуір, 2023

«Баварияға» бас көтертпеді

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сәрсенбі және бейсенбіде футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының алғашқы ширек финалдық ойындары өтті.

«Баварияға» бас көтертпеді

Тұманды Альбион елінде толассыз жаң­быр жауғанына қарамастан, «Баварияға» қарсы кездесуде «Манчестер Сити» тамаша ойын өрнегін көрсетті. 27-минутта Родри есеп ашса, екінші кезеңде Бернард Силва мен Эрлинг Холланд бір-бір реттен допты торда тулатты – 3:0. Бұл бәсекеде немістер тым қауқарсыз көрінді. Кездесу аяқ­талғаннан кейін мюнхендік клубтың ойын­шылары арасында жанжал туындаған деседі. Кейбір ақпарат көздеріне сенсек, киім ауыстыратын бөлмеде Садио Мане Лерой Санеге соққы жұмсап, ернін жырып жіберген көрінеді.

Лиссабонда «Бенфика» «Миланға» есе жіберді – 0:2. 51-минутта Никола Барелла гол соқса, 82-минутта Ромелу Лукаку пенальтиді мүлтіксіз орындады. Мадридтегі әйгілі «Сантьяго Бернабеу» стадионында «Реал» «Челсидің» қақпасына жауапсыз екі гол салды – 2:0. Италияның қос командасы – «Милан» мен «Наполи» арасындағы бәсекенің тағдырын 40-минутта Исмаэль Беннасер соққан жалғыз доп шешті – 1:0.