Спорт • 13 Сәуір, 2023

Кинг кубогі басталады

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен Астанада өтетін Билли Джин Кинг кубогі жолындағы жа­рыстың іріктеу турнирінің жеребесі тартылды.

Кинг кубогі басталады

Бұл межеде Қазақстан мен Польша құрамалары күш сынасатыны белгілі. Бүгін жекелеген сайыста Юлия Путинцева мен Магда Линетт және Елена Рыбакина мен Вероника Фальковска шеберлік байқасады. Ертең Рыбакина мен Линетт және Путинцева мен Фальковска кортқа шығады. Жұптық сайыс­тар Анна Данилина/Гозаль Айнитдинова және Алисия Росольска/Вероника Фальковска арасында өтеді. Бір қуантарлығы, қарсыластар командасының ең үздік ойыншысы, әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентек аталған жарысқа қатысудан бас тартты.

Жерлестеріміз үшін Польша құрама­сындағы ең қауіпті теннисші Магда Линетт екені сөзсіз. 31 жастағы Познань қаласының тумасы қазіргі кезде WTA рейтингінде 19-орын­да тұр.