Ол Инчхондағы (Оңтүстік Корея) бокс кешінің басты кездесуінде шаршы алаңға шығып, жеңіліп көрмеген жапондық Кадзуто Такесакомен (15-0, 14 КО) жұдырықтасады. Қос боксшы Нұрсұлтановтың WBO International тұжырымы бойынша орта салмақтағы титулы үшін күш сынасады.
Жекпе-жек алдында екі қарсылас салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, орта салмақтағы шекті (72,57 келі) бағындырды.
М.Нұрсұлтанов бұған дейінгі кездесуін 2022 жылдың қазанында Люблинде (Польша) аргентиналық Марсело Эстебан Косереске (31-5-1, 17 КО) қарсы өткізіп, жеңіске жеткен болатын.
Ал Такесакоға келсек, ол қараша айында Токиода өткен додада оңтүстіккореялық Гюн Мо Юды (8-8-3, 1 КО) үшінші раундта нокаутқа түсірген еді.