Қоғам • 14 Сәуір, 2023

Қыздар лайықты жаза алуы тиіс - Өскеменде соққыға жығылған қыздың әпкесі

13738 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемендегі АДК сауда үйінің әжетханасында кәмелеттік жасқа толмаған қыздардың бұзақылығы қоғамда қызу талқыға түсіп жатыр. Бүгін сол кикілжіңде жәбір көрген қыздың әпкесі Тоғжан Досымова БАҚ өкілдеріне сұхбат берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қыздар лайықты жаза алуы тиіс - Өскеменде соққыға жығылған қыздың әпкесі

Қазіргі таңда бұл оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Десе де, жәбір көрген қыздың әпкесі ресми деректерде шындық ашып айтылмады дейді.

«Сіңлімді соққан қыздардың бірі телеграмда топ ашқан. Оқиғаның бастауы сол жерде. Ұрып-соғу ғана емес, ұрлық, бопсалау да бар. Сіңлім «ол ақшаны не істейсіңдер» деп сұрағанда, «осы түсірілген видеоны таратып жібермес үшін» деп түсіндірді», деді әділдік іздеген әпкесі.

Әпкесі Тоғжан Досымованың айтуынша, сіңлісі ауруханаға жатқызылып, екі апта емделген.

Сондай-ақ Білім басқармасы мен Полиция департаменті ұсынған мәліметтің барлығы жалған екенін айтуда.

«Білім басқармасы мен колледж тарапынан ешқандай шара қолданылған жоқ. Бейнежазба тараған соң министрлікке шығып, наразылық білдірдім. Видеоның барлық жерден өшірілуін сұрадым», деді Тоғжан Досымова.

Ал Білім басқармасы басшысы Инесса Чернышеваның айтуынша, жәбірленуші тарап қандай да көмектен бас тартқанын айтады.

«Бейнежазба бар. Колледж әкімшілігі қыздың денсаулығы болмай тұрғанын айтқан. Заңгерлік көмек те ұсынылды. Алайда қыздың жақындары мұндай көмек алудан бас тартқан. Қажет болса, қолдары қойылған хаттама бар», деді Инесса Чернышева.

Жәбір көрген қыздың әпкесі соттың әділ шешім шығарып, соққыға жыққан қыздардың лайықты жаза алуы тиіс дейді.