Төтенше жағдай • 15 Сәуір, 2023

Елордалық полицейлер жүргізушілерді жолда абай болуға шақырды

525 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада ауа температурасының күрт төмендеуі, жаңбыр түріндегі жауын-шашын мен оның қарға ұласуы, сонымен қатар, көктайғақтың пайда болуы күтіледі. Осы орайда елордалық полицейлер қала тұрғындары мен қонақтарын жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордалық полицейлер жүргізушілерді жолда абай болуға шақырды

Осыған байланысты жүргізушілерден аса сақ болуды, белгіленген жылдамдықты қатаң сақтауды, кенет тежеуге бармауды, қашықтық пен бүйірлік қашықтықты сақтауды, жол белгілерінің талаптарын сақтауды сұраймыз. Ауа-райының күрделі жағдайын ескере отырып, қала сыртындағы ұзақ сапарлардан бас тартуды ұсынамыз. Мүмкін болса, балама көлік түрін пайдаланыңыз.

Жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де ерекше сақ болуы керек. Өз қауіпсіздігіңіз үшін көшелерді белгіленген орындардан кесіп өтуге кеңес береміз. Жолдарда жүру кезінде жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қосымша шараларды қабылдау шараларын жасаңыз.

Құрметті жол қозғалысы қатысушылары, бір-біріңізді құрметтеңіздер! Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз!