Ауа райы • 15 Сәуір, 2023

Ақмола мен Қарағанды облыстарында 3 тас жол ашылды

654 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақмола мен Қарағанды облыстарында 3 тас жол ашылды

Ақмола облысында «Астана-Қорғалжын» тасжолының Астана қаласынан Қорғалжын ауылына дейінгі аралығы ашық. 

Сондай-ақ «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» күре жолының Қосшы қаласынан Қарағанды облысының шекарасына дейінгі аралығында жол қозғалысына енгізілген шектеу алынды. 

Қарағанды облысында «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» күре жолының Ақмола облысының шекарасынан Черниковка ауылына дейінгі аралығы ашық.