Қоғам • 15 Сәуір, 2023

Түркістанда «Neke tour» байқауында жеңімпаз атанған жұптардың некесі қиылды

724 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістанда – «Neke tour» республикалық байқауында топ жарған жас жұбайлардың некесі қиылып, марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістанда «Neke tour» байқауында жеңімпаз атанған жұптардың некесі қиылды

.....Бүгін Түркістан қаласына аталған байқаудың жеңімпазы атанған 15- жұптың 14-і келді. Іс шара барысында олардың некесі қиылды. Түркістанға жолдама алған жеңімпаздарға екі күн бойы құрмет көрсетіледі. Мәселен, бүгін романтикалық кешкі ас, фотосессия және мәдени бағдарлама ұйымдастырылса, ертең қаланың көрікті орындары мен қала маңындағы киелі жерлерге зиярат ету жоспарланған.

15 сәуір – Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу күніне орай ұйымдастырылған шараны Түркістан облысы Мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары Әділ Қонысбеков ашып беріп, байқау жеңімпаздарын марапаттады.

«Биылғы жылы Рамазан айымен тұспа-тұс келіп отырған «Қозы көрпеш - Баян сұлу» күні қасиетті шаһарда ерекше форматта атап өтілуде. Осы мерекеге орай ұйымдастырылған «Neke tour» республикалық байқауы қоғамның ерекше қызығушылығын тудырды. Ел көлемінде алғаш рет ұйымдастырылған жобаға 345 жұп өтінім беріп, байқаудың маңыздылығын арттырды», деді ол.

Түркістан қаласының бас имамы некелерін жаңа қиған жанұяларға отбасылық өмірдің жауапкершілігі туралы түсіндіріп өтті.