Жедел штаб Жаңаөзен қаласында ұйымдастырылған. Барлық сұрақтар бойынша тұрғындар +7 (7292) 31-90-99 телефоны арқылы хабарласа алады.
«Зардап шеккендердің барлығы медицина қызметкерлеріне тапсырылды», деп хабарлады Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, 17 сәуір күні таңғы бестер шамасында Жаңаөзендегі екі подъезді 12 пәтерлі тұрғын үйде газ баллоны жарылған болатын. Бір кіреберіс құлағанда 11 адам зардап шекті.