Аймақтар • 17 Сәуір, 2023

Жаңаөзендегі жарылыс: Үйінділер астынан екі адам шығарылды

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңаөзендегі жарылыстан кейін үйінділердің астынан 2000 жылы туған зардап шеккен әйел және 1994 жылы туған қайтыс болған азаматтың мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңаөзендегі жарылыс: Үйінділер астынан екі адам шығарылды

«Қазіргі уақытта үйінділердің астынан 2000 жылы туған зардап шеккен әйел және 1994 жылы туған қайтыс болған азаматтың мәйіті табылды. Медициналық көмекке 12 адам жүгінді, оның ішінде 8 бала. 5 адам ауруханаға жатқызылды», делінген ТЖМ хабарламасында.

Үйінділерді талдау бойынша жедел жұмыстар жалғасып жатыр. 30-дан астам техника мен 300-ге жуық адам жұмылдырылды. Атап айтқанда, құтқарушылар, оның ішінде кинологиялық есеп, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, жергілікті атқарушы органдар, жедел медициналық көмек, полиция көмекке келді.

Еске салайық, 17 сәуір күні таңғы бестер шамасында Жаңаөзендегі екі подъезді 12 пәтерлі тұрғын үйде газ баллоны жарылған болатын. Бір кіреберіс құлағанда 11 адам зардап шекті.

Кейінірек Жаңаөзендегі жарылысқа байланысты жедел штаб құрылып, жедел желі телефоны ашылды 8/7292/31-90-99.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03